Түркістан облысында Түркістан облысы дін істері басқармасының жанынан құрылған «Ынтымақ-Түркістан» Клубының аясында «Тәуелсіз елдің діні мен дәстүрінің сабақтастығы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі діни ұстанымдардың өзара сабақтастығын дәріптеу, қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық пен жауапкершілік қағидаларын нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, діни бірлестіктер басшылары мен дін қызметкерлері, теологтар және сала мамандары қатысты.
Жиын барысында тәуелсіз Қазақстан жағдайында дін мен дәстүрдің қоғам өміріндегі орны, ұлттық болмысты сақтаудағы маңызы, дәстүрлі құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар діннің адамды ізгілікке, адалдыққа, әділдікке және жауапкершілікке үндейтін рухани әлеуеті сөз болды. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметтік және қоғамдық ортада адалдық қағидаларын ұстану, әділдік пен парасаттылықты өмірлік ұстанымға айналдыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар дін мен дәстүрдің өзара үйлесімділігі ел бірлігін нығайтуға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға, ұлттық құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге негіз болатынын атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша рухани құндылықтарды насихаттау, діни және ұлттық дәстүр сабақтастығын кеңінен түсіндіру, қоғамда адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.
Іс-шара барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Сабыржанұлы Рүстем, Түркістан қаласының «Миромон ата» мешітінің бас имамы Аекеев Ғалымжан Абдуллаұлы, «Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы Свято-Никольский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің жетекшісі Смольянов Виталий Александрович, Түркістан қаласының бас имамы Панов Исмаил Ыдырысұлы, «Елуліктер» «Інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Семлянских Павел Владимирович, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы сөз сөйледі.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru