ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
06.11.2026
385
0

 

Қазығұрт ауданында ұлттық құндылықтарды насихаттау, рухани-адамгершілік тәрбиені нығайту және қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты дәріптеу мақсатында «Рухани керуен» жобасы аясында аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Аталған іс-шара Түркістан облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық болмыс пен рухани мұраның маңызын кеңінен түсіндіру, жастардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, отбасы институтының құндылығын арттыру, сондай-ақ қоғамда татулық пен тұрақтылықты сақтауға ықпал ету.

Кездесуге арнайы қонақ ретінде белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов, Қызылорда облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспанов, жайдарманшы, актер Жанболат Досболов және актер, мәдениет саласының өкілі Дәурен Әбиев қатысты.

Сонымен қатар, басқосуға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ақ жаулықты аналар, жастар, білім беру, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Кездесу барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен тәлім-тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы, отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, дін мен дәстүрдің өзара байланысы және жастардың рухани дүниетанымын қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Шақырылған қонақтар ұлттық құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы орнына тоқталып, дәстүрге құрмет пен рухани тәрбие ұлт тұтастығын сақтаудың маңызды негіздерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ заманауи қоғамда ұлттық болмысты жоғалтпай, жас ұрпақты саналы, жауапкершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеудің маңыздылығы жөнінде ой бөлісті.

Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында қатысушыларға өмірлік тәжірибеге негізделген тағылымды әңгімелер айтылып, адамгершілік, өзара құрмет, ынтымақ пен қоғамдық келісімнің маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шара қорытындысында рухани мұраны жаңғырту, ұлттық тәрбие сабақтастығын сақтау және қоғамдағы өзара түсіністікті нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение учеба, помост и толпа

Возможно, это изображение осветительное оборудование, телевизор, помост и текст

Возможно, это изображение учеба и толпа

Діни радикалдануға әсер ететін әлеуметтік факторлар

0 пікір