ШАРДАРА АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
ШАРДАРА АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
04.11.2026
187
0



Шардара ауданында рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, ұлттық салт-дәстүр мен діни танымды сабақтастыру, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту мақсатында «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Түркістан облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды кеңінен насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ізгілік, имандылық пен азаматтық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың алдын алу.

Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ақ жаулықты әжелер, жастар, шекара қызметі мен полиция қызметкерлері, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт саласының мамандары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесудің арнайы қонақтары қатарында белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов, Қызылорда облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспанов және жайдарманшы, актер Жанболат Досболов болды.

Жиын барысында ұлттық тәрбие, рухани құндылықтар, ислам дінінің адамгершілік қағидаттары, жастар тәрбиесі, отбасылық жауапкершілік, отансүйгіштік және қоғамдық келісім мәселелері кеңінен талқыланды.

Арнайы шақырылған қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтардың қоғам өміріндегі маңызы, ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету, сондай-ақ жастардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жөнінде тағылымды ой-пікірлерін жеткізді.

Сонымен қатар, деструктивті діни идеологиялардың алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу және қоғамдағы өзара сыйластық пен татулықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар мен арнайы қонақтар тарапынан тиісті жауаптар алды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение динамик, телевизор, отдел новостей, помост и текст

0 пікір