ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА «РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
04.11.2026
171
0



Жетісай ауданында тұрғындардың рухани дүниетанымын кеңейту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту мақсатында «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымды кездесу өтті.

Аталған іс-шара Түркістан облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде ұйымдастырылды.

Рухани басқосуға арнайы қонақ ретінде белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуов, Қызылорда облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бақтияр Оспанов және жайдарманшы, актер Жанболат Досболов қатысты.

Жобаның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани-адамгершілік құндылықтардың қоғамдағы маңызын арттыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ізгілікке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру.

Кездесуге аудан ардагерлері, ақ жаулықты әжелер, жастар, құқық қорғау органдарының өкілдері, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар жиналды.

Жиын барысында спикерлер ұлттық тәрбие мен дәстүр сабақтастығы, рухани құндылықтардың қоғам өміріндегі орны, жастардың тұлғалық қалыптасуы және адамгершілік қағидаттарының маңызы жөнінде мазмұнды ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, зайырлылық қағидаттары, діни сенім бостандығы, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сыйластықты сақтау, деструктивті діни идеологиялардың алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды. Қатысушыларға діни ақпаратты дұрыс саралау, радикалды көзқарастардың ықпалынан сақтану және ұлттық болмысты сақтау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Басқосу барысында арнайы шақырылған қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелері мен өнегелі ойларын ортаға салып, ұлттық тәрбие мен рухани тұтастықтың қоғам дамуындағы маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара еркін пікір алмасу форматында жалғасып, аудан тұрғындары көкейлеріндегі сауалдарын қойып, көтерілген тақырыптарға қатысты өз көзқарастарын білдірді.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение учеба, помост и текст

Возможно, это изображение помост

 

Возможно, это изображение осветительное оборудование, динамик, помост и текст

 

Возможно, это изображение один или несколько человек, осветительное оборудование и текст

Возможно, это изображение помост

0 пікір