Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында діни тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы Қосмаханов Қуаныш қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында зайырлылық қағидаттары, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, радикалды идеологиялардың қоғамға тигізетін қаупі, ұлттық құндылықтардың маңыздылығы және «Заң мен тәртіп» қағидаты жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар қатысушыларға діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу, күмәнді діни мазмұндағы материалдардан сақтану және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша ұсынымдар берілді.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға және теріс идеологиялардың таралуының алдын алуға бағытталған.






+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru