ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
13.10.2026
349
0

Заң факультетінің студенттері мен оқытушыларына діни және құқықтық сауаттылықты арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзапбарұлы қатысып, дін саласындағы заңнамалық талаптар, діни қауіпсіздік, қоғамдық тұрақтылық және құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының зайырлылық қағидаттары, азаматтардың ар-ождан бостандығы, діни сенім еркіндігі және дін саласындағы құқықтық нормалардың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың таралу себептері, радикалды идеологиялардың жастарға тигізетін кері әсері және олардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.
Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі діни ақпараттың қауіпсіздігі де негізгі тақырыптардың бірі болды. Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпараттардың дереккөзін тексеру, күмәнді материалдарға сыни көзқараспен қарау және экстремистік сипаттағы ақпараттарды таратудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Бұдан бөлек, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау, діни төзімділікті нығайту және қоғамдағы өзара құрмет пен келісімді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дін мен заңның қоғам өміріндегі орны, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін сақтау қажеттілігі атап өтілді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында діни қызмет саласындағы заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірілді. Әсіресе діни алауыздықты қоздыру, экстремистік идеяларды насихаттау және интернет кеңістігінде заңға қайшы материалдарды таратудың құқықтық салдарына назар аударылды.
Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мекеме директоры тарапынан дін саласындағы заңнамалық талаптар мен құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме жауаптар алды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и толпа

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и толпа

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

 

 

0 пікір