МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
30.09.2026
16
0
 
Мақтаарал ауданында жастардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту мақсатында колледж оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы М. Салиходжаев қатысты.
Іс-шара барысында қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі құндылықтардың маңызы, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және жастарды радикалды идеологиялардың ықпалынан қорғау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Оқушыларға діни мазмұндағы ақпаратты кез келген интернет-ресурстан қабылдай бермей, оның дереккөзіне, авторына және мазмұнына мән беру қажеттігі айтылды. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын күмәнді діни материалдарға сын тұрғысынан қарап, сенімді әрі ресми ақпарат көздеріне жүгінудің маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар жастар тәрбиесінде отбасы құндылықтарын, ұлттық дүниетаным мен өзара сыйластықты нығайтудың маңызы сөз болды. Әртүрлі этнос өкілдерінің өзара құрметі мен бірлігі қоғамдағы бейбіт өмір мен тұрақтылықтың маңызды негіздерінің бірі екені түсіндірілді.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында әрбір азаматтың заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарау және интернет кеңістігінде ақпарат тарату кезінде құқықтық нормаларды басшылыққа алуы қажеттігі айтылды. Оқушыларға тыйым салынған материалдарды таратпау, күмәнді ақпараттың шынайылығын тексеру және әлеуметтік желілердегі арандатушылық сипаттағы жазбалардан сақтану жөнінде түсіндірме берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оларға діни және құқықтық бағытта түсіндірме жауаптар берілді.
Возможно, это изображение один или несколько человек, гобой, флейта, кларнет и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и помост
Возможно, это изображение учеба и помост
 
Нет описания фото.
0 пікір