ШАРДАРА АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ШАРДАРА АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
30.09.2026
15
0
 
Шардара ауданында тұрғындардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық тұрақтылықты нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы **Аманов Дәурен** қатысып, діни қауіпсіздік, қоғамдағы тұрақтылық және құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу және азаматтарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар радикалды идеологиялардың таралу себептері, олардың жеке адам мен қоғамға тигізетін кері әсері және алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.
Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі діни ақпараттың қауіпсіздігі де негізгі тақырыптардың бірі болды. Қатысушыларға интернеттегі діни материалдардың авторы мен дереккөзіне назар аудару, күмәнді ақпаратты тексеру және сенімсіз мазмұндағы материалдарды өзгелерге таратпау қажеттігі түсіндірілді.
Бұдан бөлек, отбасы тәрбиесінің рөлі, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, өзара құрмет пен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері қозғалды. Қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды негізі – азаматтардың бір-біріне құрметпен қарап, ортақ құндылықтарды дәріптеуі екені атап өтілді.
**«Заң мен тәртіп»** қағидаты аясында азаматтардың құқықтары мен міндеттері, діни қызмет саласындағы заң талаптары және интернет кеңістігіндегі құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірілді. Әсіресе діни алауыздық тудыратын, қоғамда өшпенділік пен араздықты қоздыруы мүмкін материалдарды таратудың құқықтық салдарына назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан діни және құқықтық бағытта түсіндірме жауаптар алды.
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и больница
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и помост
Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся
0 пікір