МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Мақтаарал ауданында колледж оқушыларының діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдық тұрақтылықты нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы М. Салиходжаев қатысып, жастарға діни қауіпсіздік пен құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу және жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар радикалды идеологиялардың таралу себептері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі діни ақпараттың қауіпсіздігі де кездесудің негізгі тақырыптарының бірі болды. Оқушыларға интернетте жарияланған діни материалдардың шынайылығын тексеру, ақпараттың авторы мен дереккөзіне назар аудару, сондай-ақ күмәнді мазмұндағы материалдарды өзгелерге таратпау қажеттігі түсіндірілді.Бұдан бөлек, жастар тәрбиесіндегі отбасы институтының рөлі, ұлттық салт-дәстүрлердің маңызы, этносаралық татулық пен өзара құрмет мәселелері қозғалды. Әртүрлі мәдениет пен діни көзқарас өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің маңызды негізі екені атап өтілді.«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқушыларға азаматтардың құқықтары мен міндеттері, діни қызмет саласындағы заң талаптары және интернет кеңістігіндегі құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Әсіресе әлеуметтік желілерде діни алауыздық тудыратын ақпараттарды таратудың, өзге азаматтардың ар-намысы мен құқықтарына нұқсан келтірудің құқықтық салдарына назар аударылды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маман тарапынан діни және құқықтық бағытта түсіндірме жауаптар алды.






+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru