ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Жорабек Жалғас және Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Ахметов Дархан Сағындықұлы қатысты.Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни идеологиялардың таралу жолдары, олардың қоғамдық қауіпсіздікке тигізетін кері әсері және радикалды көзқарастардың белгілері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар интернет кеңістігі мен әлеуметтік желілерде таралатын күмәнді діни контенттерге сақтықпен қарау, ақпараттың дереккөзін тексеру және азаматтарды радикалды идеологиялардың ықпалынан қорғау бағытындағы профилактикалық жұмыстардың маңызы түсіндірілді.«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және экстремистік сипаттағы әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Кездесу соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті түсіндірме жауаптар алды.Іс-шара құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дін саласындағы ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ экстремизмнің алдын алу бағытындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталды.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru