Сайрам ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, мұғалімдер мен оқушылардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Мырзабай Қайсар қатысты.
Іс-шара барысында жастардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыру мәселелері қамтылды.
Оқушыларға әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кездесетін күмәнді діни мазмұндағы ақпараттарды сын тұрғысынан қабылдау, ақпараттың авторы мен дереккөзін тексеру, бейтаныс парақшалардағы уағыздар мен түрлі шақыруларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар радикалды идеологиялардың жастар санасына ықпал ету тәсілдері, интернеттегі арандатушы және заңға қайшы контенттің қаупі, сондай-ақ күмәнді ақпаратты таратудың жауапкершілігі жөнінде айтылды.
Кездесуде «Заң мен тәртіп» қағидатына ерекше назар аударылып, әрбір азаматтың заң талаптарын сақтауы, өз құқығы мен міндетін білуі, қоғамдық тәртіп пен өзара құрметке жауапкершілікпен қарауы маңызды екені атап өтілді. Жастарға заңға құрметпен қарау – қауіпсіз қоғам мен тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі екені түсіндірілді.
Мұғалімдердің жасөспірімдердің ақпараттық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастырудағы рөліне де назар аударылып, оқушылармен ашық диалог орнату, олардың ақпараттық кеңістіктегі қызығушылықтарына мән беру және қажет жағдайда тиісті мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігі айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, діни, құқықтық және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты практикалық түсіндірмелер ұсынылды.







+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru