«ТАҒЫЛЫМ» ПОДКАСТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫ ТҮСІРІЛДІ
«ТАҒЫЛЫМ» ПОДКАСТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ШЫҒАРЫЛЫМЫ ТҮСІРІЛДІ
31.08.2026
237
0

«Күлтөбе» студиясының кезекті шығарылымында «Қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері: дропперден дипфейкке дейін» тақырыбы қозғалды.

Бағдарлама қонағы - Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы.

Сұхбат барысында қазіргі таңда кең таралып жатқан қаржылық алаяқтық түрлері, дропперлерді қылмыстық схемаларға тарту тәсілдері, азаматтардың банк карталары мен жеке деректерін заңсыз пайдалану қаупі, сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен жасалатын дипфейк бейне және дауыстар арқылы алдау әдістері сөз болды.

Сонымен қатар күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларды қалай ажыратуға болатыны, банк деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу, оңай табыс ұсынатын күмәнді ұсыныстардан сақтану және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда тиісті органдарға жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Қаржылық қауіпсіздік - тек қаражатты қорғау емес, кез келген ақпаратты тексеріп, алаяқтардың айла-тәсілдеріне саналы түрде қарсы тұра білу.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст "- QMA QMA"

Нет описания фото.

Возможно, это изображение осветительное оборудование, телевизор и отдел новостей

0 пікір