ОТЫРАР АУДАНЫНДА МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Отырар ауданында мектеп мұғалімдерінің қатысуымен қоғамдық тұрақтылық, құқықтық мәдениет, зайырлылық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жиыны ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың теолог маманы Нұрлыхан Әмзеев және Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы Құлмаханов қатысты.Жиын барысында мұғалімдердің жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар берудегі жауапкершілігіне ерекше мән берілді. Оқушылар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру, зайырлылық қағидаттарын дұрыс түсіндіру, деструктивті діни идеялардың белгілерін ерте байқау және олардың ықпалына түсуінің алдын алу жолдары сөз болды.Сонымен қатар жасөспірімдердің әлеуметтік желілердегі күмәнді діни контентке, жалған ақпаратқа және манипуляциялық материалдарға тап болуының алдын алу, ақпарат көзін тексеру, медиасауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды.Мұғалімдерге оқушының мінез-құлқындағы оқшаулану, төзімсіздік, агрессиялық көзқарас немесе күмәнді интернет-қауымдастықтарға қызығушылық секілді өзгерістерге назар аудару, мұндай жағдайда ата-анамен және тиісті мамандармен бірлесіп жұмыс істеудің маңызы түсіндірілді.Басқосуда Ұлттық құрылтайдың ел дамуындағы орны, конституциялық бастамалар, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағыттары да талқыланды.«Таза Қазақстан» бастамасы аясында мектеп ортасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, оқушыларды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және экологиялық жауапкершілікті күшейту мәселелері көтерілді.
Жиын мұғалімдердің құқықтық, діни және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ жас ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.
Көп оқылғандар
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
СОЗАҚ АУДАНЫНДА ӨНДІРІС ОРНЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ НЫСАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
СОЗАҚ АУДАНЫНДА «KAZATOMPROM-SAURAN» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Арыс аудандық орталық ауруханасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды






+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru