АРЫС ҚАЛАСЫНДА МҰҒАЛІМДЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
АРЫС ҚАЛАСЫНДА МҰҒАЛІМДЕРМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
27.08.2026
124
0

Арыс қаласындағы №11 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте мұғалімдермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың теолог маманы Нұрлыхан Әмзеев және Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Әбдіқадірұлы Анашбеков қатысты.

Жиында мұғалімдердің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне ерекше назар аударылып, жастардың құқықтық және діни сауаттылығын қалыптастыру, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру және деструктивті діни идеялардың алдын алу мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар Ұлттық құрылтайдың ел дамуындағы маңызы, конституциялық бастамалар, заң үстемдігі мен қоғамдық жауапкершілікті арттыру бағыттары талқыланды.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі аясында оқушыларды әлеуметтік желілердегі күмәнді контенттен қорғау, жалған ақпаратты ажырата білу, ақпаратты ресми әрі сенімді дереккөздер арқылы тексеру және медиасауаттылықты қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.

«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша мектеп ортасында тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігін арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Кездесу мұғалімдердің құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, очки для зрения, больница и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текст

0 пікір