СОЗАҚ АУДАНЫНДА «KAZATOMPROM-SAURAN» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
СОЗАҚ АУДАНЫНДА «KAZATOMPROM-SAURAN» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
25.08.2026
144
0

Созақ ауданында «Kazatomprom-SaUran» ЖШС қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Басқосу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалып, ел дамуына қатысты маңызды бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың теолог маманы Қуаныш Қосмаханов, Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Болатханұлы Райымқұлов және «Қанжуған» кенішінің директоры Бағлан Құрманәліұлы Тулебаев қатысты.
Кездесу барысында Құрылтайдың мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтудағы маңызына тоқталды. Оның ел дамуына қатысты бастамалар мен ұсыныстарды талқылайтын, қоғамдық пікір мен ұлттық мүддені тоғыстыратын маңызды алаң екені атап өтілді. Сонымен қатар ұлттық бірлікті сақтау, ортақ құндылықтарды дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері сөз болды.
Басқосуда жаңа Конституцияға қатысты мәселелер, «Жаңа Қазақстан» бағытындағы қоғамдық өзгерістер, заң үстемдігі мен құқықтық мәдениетті нығайтудың маңызы талқыланды. Сондай-ақ мемлекет пен діннің арақатынасы, зайырлылық қағидаттары, діни сенім бостандығына құрметпен қарау және қоғамдық келісімді сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоршаған ортаға ұқыпты қарау, өндірістік аумақтарда тазалық мәдениетін қалыптастыру және әр азаматтың ортақ кеңістікке жауапкершілікпен қарауының маңызы айтылды.
Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік пен ақпараттық гигиена мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде таралатын ақпаратты сын тұрғысынан қабылдау, жалған және күмәнді мәліметтерді ажырата білу, ақпаратты ресми әрі сенімді дереккөздер арқылы тексеру қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу өндіріс орны қызметкерлерінің құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға, зайырлылық қағидаттарын түсіндіруге, қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға бағытталды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Нет описания фото.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Нет описания фото.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, отдел новостей и текст

0 пікір