ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
10.08.2026
154
0

Төлеби ауданында түркі әлемінің ұлы ойшылы, рухани көшбасшы Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Ясауи керуені» атты аймақтық ғылыми-танымдық семинар ұйымдастырылды.

Тағылымды шараға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы Төлепов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы, университеттің доценті, дінтанушы Оразбай Сержан Қарсыбайұлы, Теология ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) міндетін атқарушы, «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сайфунов Бауыржан Насырдинұлы, университеттің Теология факультетінің доценті, PhD докторы Төлеген Мұхит Жылқайдарұлы, «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының «Ясауитану ғылыми орталығының» басшысы Моллақанағатұлы Сайпулла, сондай-ақ Түркістан облысы Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет Мұзаппарұлы қатысты.

Семинар барысында Қожа Ахмет Ясауидің тарихи тұлғасы, рухани-философиялық мұрасы, хикметтеріндегі адамгершілік құндылықтар, ұлттық болмыс пен қазақтың салт-дәстүрімен сабақтастығы жан-жақты талқыланды. Баяндамашылар Ясауи ілімінің бүгінгі қоғамдағы тәрбиелік маңызына тоқталып, оның рухани мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеу мен жас ұрпаққа кеңінен насихаттаудың өзектілігін атап өтті.

Жиын барысында қатысушылар ұлттық руханиятты жаңғырту, тарихи-рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамның рухани танымын арттыру бағытында өзара пікір алмасты.

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

0 пікір