Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің маманы Мырзабай Қайсар қатысып, «Заң мен тәртіп» қағидаты, діни сауаттылықты арттыру, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және жат идеологиялардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында заң талаптарын сақтау, күмәнді діни ақпараттарды ажырата білу, ақпараттық қауіпсіздік пен азаматтық жауапкершіліктің маңызы айтылды. Қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап алды. Мұндай кездесулер қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырып, діни сауаттылықты арттыруға және қауіпсіз орта құруға ықпал етеді.
![]()



+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru