Облыстық ауруханалардың бас дәрігерлерімен діни экстремизмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог маманы Мырзабай Қайсар қатысып, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың қоғамға тигізетін қаупі, олардың негізгі белгілері және алдын алу жолдары туралы түсіндірді.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидасының маңызына тоқталып, заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрбір азаматтың ортақ міндеті екені айтылды.
Сондай-ақ медицина мекемелерінде діни алауыздық пен заңсыз үгіт-насихатқа жол бермеу, қызметкерлердің діни және құқықтық сауаттылығын арттыру, күмәнді ақпараттарды таратпау және мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алу мәселелері сөз болды.
Кездесу соңында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Кездесудің негізгі мақсаты — діни экстремизмнің алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және «Заң мен тәртіп» қағидасы негізінде қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru