САЙРАМ АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
САЙРАМ АУДАНЫНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
24.07.2026
252
0

 

Сайрам ауданында Қожа Ахмет Ясауидің рухани-философиялық мұрасын кеңінен насихаттауға арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті.

Іс-шараға Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы Дүйсебаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Семинарды «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ерлан Дәкенов жүргізді.

Жиында Рүстем Сабыржанұлы Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу, оны кеңінен насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.

Семинарда профессор Досай Кенжетай, дінтанушы Сержан Оразбай, «Яссауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов және философия докторы Төлеген Мұхит баяндама жасап, Ясауи мұрасының тарихи-рухани мәні, ұлттық сана мен салт-дәстүр сабақтастығы жөнінде ой бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.

Возможно, это изображение помост и текст "Мадениеттн кабаттары รนต Olnay neNa Дастур Эстетика Музыка-саз Кукык енер Саулет адебиет Wazy KerpcTin CeHiM Kacin Такрибе be Таным Тариж Сана"

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, больница и помост

Возможно, это изображение текст

0 пікір