САЙРАМ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
САЙРАМ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
16.07.2026
309
0

Сайрам ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Уралбаев Айдос қатысты.

Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту және азаматтардың радикалды идеологияларға қарсы иммунитетін қалыптастыру.

Кездесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтарының қоғам өміріндегі маңызы, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың теріс ықпалы, діни ақпараттарды сенімді дереккөздерден алу қажеттілігі жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеудің өзектілігі, отбасы институтының рөлі, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теологиялық және құқықтық тұрғыда нақты жауаптар берілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "HỆI မီပု 6Oc ЖyMblC OPblHAAPbl Ж3PEKC! ЖyMblCWbl MAMAHAblKTAp MAMAH ЖblЛbl र YEAR OF THE OFWORKING WORKING PROFESSIONS ЖblTbl THEYEAR YEAR THE OFWOR PROFE PA6o4ИX PA6O4ИK cИй roA nPOФE"

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди улыбаются, больница и текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

0 пікір