Бүгін «Ынтымақ-Түркістан» клубы аясында «Жаңа Конституция – зайырлы мемлекет пен қоғамдық келісімнің құқықтық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға өңірдегі конфессия өкілдері қатысып, жаңа Конституцияда айқындалған зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.
Аталған жиынның басты мақсаты – түрлі сенім мен дін өкілдері арасындағы диалогты дамыту, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту. Сонымен қатар, шара барысында бүгіннен бастап күшіне енген жаңа Конституцияда көзделген дін саласына қатысты құқықтық нормалар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, толеранттылық құндылықтарын насихаттау және діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызы ерекше атап өтілді. Қатысушылар заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілікті арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын берік ұстану – қоғамның тұрақты дамуының негізгі кепілі екендігін атап өтті.
Дөңгелек үстелге облыстық дін істері басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, конфессия өкілдері, қала және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы бүгін күшіне енген жаңа Конституцияның елдің құқықтық жүйесін жетілдірудегі маңызына тоқталып, Конституцияда дін қатынастарын реттеуге бағытталған нормалардың енгізілуіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, діни қызметті жүзеге асыру және діни рәсімдерді өткізу кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіріп, Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатының дін саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудың маңызды негіздерінің бірі екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Түркістан қаласының бас имамы Панов Исмаил Ыдырысұлы адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын дәріптеуге шақырды.
Ал «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов қазіргі қоғамдағы діни ахуалға талдау жасап, жастар арасында діни сауаттылықты арттырудың өзектілігін атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Конституция аясындағы зайырлы қоғамның қағидаттары, діни сенім бостандығы мен мемлекеттік саясаттың үйлесімі, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау жолдары төңірегінде ашық пікір алмасты.
Жиын қорытындысында жаңа Конституцияның қағидаттарын қоғамға кеңінен түсіндірудің, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғам өмірінің барлық саласында орнықтыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды. Қатысушылар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.Жиын соңында жаңа Конституцияда көзделген дін саласына қатысты құқықтық нормалар мен зайырлылық қағидаттары діни бірлестіктер өкілдеріне жан-жақты түсіндірілді.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru