ЖЕТІСАЙ КӨПБЕЙІНДІ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ЖЕТІСАЙ КӨПБЕЙІНДІ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
25.06.2026
153
0

Жетісай көпбейінді аудандық орталық ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында «Заң мен Тәртіп» қағидатын насихаттау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, ақпараттық гигиенаны сақтау, интернет пен әлеуметтік желілердегі күмәнді ақпараттарға сыни көзқарас қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, радикалды идеологиялардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін зияны түсіндіріліп, азаматтарды сақтыққа шақыратын маңызды ақпараттар берілді.

Іс-шараға:

Рүстем Сабыржанұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы;
Фатима Сарыбайқызы Айдарбекова – Түркістан облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыстар және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы;
Медет Халықов – Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры;
Әбділкәрім Болат - Орталықтың маманы;
Серік Қонысбекұлы Пірімбеков – Жетісай ауданы әкімінің орынбасары қатысты.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар алды.

Заң талаптарын сақтау
Ақпаратты тексеру
Деструктивті идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыру
Қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту – әр азаматтың ортақ міндеті.

 

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди улыбаются и больница

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, больница и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

0 пікір