ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
25.06.2026
156
0


Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеу болды.

Кездесу барысында қатысушыларға «Заң мен Тәртіп» қағидатының маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың қоғамға, отбасы институтына және жеке тұлғаның дүниетанымына тигізетін кері әсері түсіндірілді.

Сондай-ақ ақпараттық гигиенаны сақтау, интернет пен әлеуметтік желілерде таралатын жалған және діни мазмұндағы күмәнді ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалау, тек ресми әрі сенімді дереккөздерге сүйенудің маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Мамандар радикалды идеологияны насихаттайтын материалдардың қауіптілігіне тоқталып, олардың құқықтық салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға:

Рүстем Сабыржанұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы;
Фатима Сарыбайқызы Айдарбекова – Түркістан облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыстар және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы;
Медет Халықов – Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры;
Әбділкәрім Болат – Орталықтың маманы;
Әбілдаев Бекарыс Бейсенбайұлы – Жетісай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы қатысты.

Кездесу соңында пробация есебінде тұрған азаматтар өздерін қызықтырған құқықтық және діни мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі жан-жақты жауаптар берілді. Сонымен қатар қатысушыларға қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, заң талаптарын мүлтіксіз орындау және радикалды идеологиялардың ықпалына қарсы берік иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

0 пікір