ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
19.06.2026
165
0

Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Қайрат Салықбаев қатысып, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау және діни экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, азаматтардың радикалды идеологияларға қарсы иммунитетін қалыптастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін дамыту.

Кездесу барысында дәстүрлі рухани құндылықтардың маңызы, деструктивті діни ағымдардың белгілері, интернет кеңістігіндегі жалған діни ақпараттардың қауіптілігі және діни мәселелер бойынша ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу қажеттілігі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, жастар арасында ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, заң талаптарын сақтау және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды. Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теологиялық және құқықтық тұрғыда жан-жақты жауаптар берілді.

Возможно, это изображение учеба

Возможно, это изображение учеба и текст

Возможно, это изображение учеба и стол

0 пікір