ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
15.06.2026
64
0
 
Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Жалғас Жорабек және орталық маманы Нұргелді Дүйсебай қатысты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатының қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілікті күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын барысында қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық қағидаттары, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау мәселелері түсіндірілді. Сондай-ақ «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң талаптары, экстремистік материалдарды заңсыз таратуға қатысты жауапкершілік, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.
Бұдан бөлек, интернет кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік, жалған ақпараттың таралуы, деструктивті идеологиялардың ықпалы және ақпараттық гигиенаны сақтаудың маңыздылығы сөз болды. Қатысушыларға әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді ақпарат көздеріне сыни көзқараспен қарау қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және зайырлы құндылықтарды дәріптеу – тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты кепілі екендігі атап өтілді.
 
 
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
 
 
 
 


Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и стол
0 пікір