Ауданымыздағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері (тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар, әлеуметтік педагогтар және мұғалімдер) үшін арнайы жиын ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — мектеп қабырғасында заң мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Спикерлер құрамы:
Рүстем Сабыржанұлы — Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы;
Медет Халықов — «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры;
Зиябек Дінмұхаммед — «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы, теолог;
Илесов Даурен Оразбайұлы — Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы.
Талқыланған басты тақырыптар мен құқықтық талаптар:
Заң үстемдігі және зайырлылық қағидаты: Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ішкі тәртіп ережелерінің мүлтіксіз орындалуы. Мектеп қабырғасында заң мен тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекетке «мүлдем төзбеушілік» таныту.
Құқықтық сауаттылық және қауіпсіздік: Білім беру мекемесі қызметкерлерінің деструктивті діни ағымдардың жетегінде кетпеуін қадағалау, заңсыз діни әдебиеттер мен аудио-видео материалдарды таратқаны үшін көзделген құқықтық жауапкершілікті түсіндіру.
Педагогикалық әдеп және заңдылық: Мұғалімдердің білім алушыларға өз діни сенімін таңбауына және сабақ барысында діни үгіт-насихат жүргізуіне заң аясында жол бермеу.
Еңбек құқығы мен бостандығын қорғау: Мамандарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу, қызметкерлердің ар-ождан бостандығы құқықтарын заң шеңберінде қорғау.
Ақпараттық тазалық пен тәртіп: Әлеуметтік желілерді пайдалану кезіндегі құқықтық жауапкершілік, интернет кеңістігіндегі күмәнді діни парақшалар мен заңсыз контенттерден сақтану ережелері.
Жиын қорытындысы: Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында нақты жауаптар берілді. Мектептегі тәрбие мен тәртіп — ел болашағының кепілі екенін алға тартқан ұстаздар қауымы, құқықтық түсіндірме жұмысын жоғары деңгейде жүргізген облыстық және аудандық мамандарға өз алғыстарын білдірді.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru