Қазығұрт ауданы №11 колледжінде студенттер мен оқытушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың бөлім басшысы Жорабек Жалғас, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Маратұлы және Қазығұрт ауданы прокуратурасының прокуроры Еркебұлан Нұрланұлы қатысты.
Кездесу барысында жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу, интернет кеңістігіндегі діни ақпараттарды сүзгіден өткізе білу, ақпараттық гигиенаны сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушыларға діни және қоғамдық маңызы бар ақпараттарды тек ресми ақпарат көздерінен алу қажеттігі, күмәнді және бейресми аккаунттарға сенбеу, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен мемлекеттік органдардың ресми парақшаларына жүгіну маңыздылығы айтылды.
Кездесу барысында қатысушыларға интернет кеңістігінде ақпараттық гигиенаны сақтау, ақпаратты тек ресми дереккөздерден алу, күмәнді және бейресми діни аккаунттарға сенбеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, діни мәселелер бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен мемлекеттік органдардың ресми парақшаларына жүгінудің маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ, экстремистік сипаттағы материалдарды сақтау, тарату және жариялау әрекеттері үшін заңнамада жауапкершілік көзделгені түсіндірілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабына сәйкес экстремистік материалдарды бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар арқылы тарату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.






+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru