Сайрам ауданында мәдениет саласы қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.
Кездесуге Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталық маманы Айдос Уралбаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Даулбайұлы, Сайрам аудандық прокуратурасының өкілі Рысымбетов Бекнұр, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Хамраев Жаңабек Тілекеұлы қатысты.
???? «Деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер зардаптары» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді. Іс-шара барысында жастарға радикалды және теріс діни идеологиялардың қауіптілігі түсіндіріліп, олардың қоғам бірлігіне, отбасы тәрбиесіне және мемлекет тұрақтылығына кері әсері айтылды. Қатысушыларға дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар дәстүрлі рухани құндылықтар мен зайырлы қоғам қағидаттарының маңызы түсіндіріліп, мәдениет саласының қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы рөлі ерекше екені атап өтілді.
???? Қоғам тыныштығы мен ел бірлігі – ортақ жауапкершілік.







+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru