ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
19.05.2026
253
0

???? Түлкібас ауданында діни тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шетелдік діни оқу орындарының ықтимал қауіптері жөнінде танымдық кездесу өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері сөз болды. Аталған жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы, Түлкібас ауданы прокуратурасының прокуроры Саржан Еркебұлан Ержанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов және орталық маманы Мырзабай Қайсар қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

???? Кездесу аясында ақпараттық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спикерлер интернет желісіндегі күмәнді діни ақпараттарға сенудің қауіпті екенін айтып, тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне жүгіну қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабында көрсетілген діни алауыздықты қоздыру әрекеттерінің қоғамға қауіптілігі түсіндіріліп, жастарды радикалды идеологиялардан сақ болуға шақырды.

????️ Жиын барысында киберқауіпсіздік тақырыбы да қозғалып, әлеуметтік желілердегі буллинг, кибербуллинг және сталкинг секілді психологиялық қысым түрлерінің кері әсері айтылды. Қатысушыларға интернет кеңістігінде жеке мәліметтерді қорғау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерге тап болған жағдайда тиісті мекемелерге хабарласу қажеттігі түсіндірілді. Бұл бағытта Қазақстан Республикасының «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Заңы аясында да мәліметтер берілді.

⚖️ Сонымен қатар заңсыз діни материалдарды тарату мен рұқсат етілмеген діни контентті жариялаудың жауапкершілігі түсіндірілді.

Нет описания фото.

Нет описания фото.

Возможно, это изображение текст

 

Возможно, это изображение один или несколько человек

Нет описания фото.

0 пікір