Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, алдағы уақытта жаңа форматтағы кітапханалар мен заманауи қоғамдық кеңістіктер ашу жоспарға алынды. Сонымен қатар, ұлттық әдеби мұраны кеңінен насихаттау, қазақ әдебиетін әлемге таныту және сапалы аудармаларды көбейтуге ерекше көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ «Жылдың 10 оқырманы» жобасы іске қосылып, бірыңғай ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады. Кітап оқу мәдениетін дамытуға үлес қосқан азаматтарды қолдау мақсатында ұлттық сыйлық тағайындау да көзделген.
Мемлекет басшысының бұл бастамасы - білімді әрі жасампаз ұрпақ қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Көп оқылғандар

+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru