Ұлттық ұлан қызметкерлері арасында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Экстремизм мен терроризм – қоғамға төнген қауіп» тақырыбында кең көлемді кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Жорабек Жалғас Мұқтарұлы қатысып, мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, 5574 әскери бөлімінің әскери полиция қызметінің бастығы, майор Дауренкулов Бактияр Нурмажанович, әскери бөлім кураторы, капитан Қайратұлы Ринат және 5574 әскери бөлім командирінің орынбасары – (ТжӘҚЖ) жөніндегі подполковник Абдрахманов Фахритдин Нуритдинұлы қатысты.
Кездесу барысында мамандар еліміздегі діни ахуал, діни экстремизм мен терроризмнің қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында дін саласына қатысты ақпараттық түсіндірме жүмыстары және қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы да баяндалды.
Қатысушыларға өздерін және жақындарын жат діни ықпалдан қорғау үшін дұрыс тәрбие мен діни сауаттылықтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru