БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА МАЗМҰНДЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА МАЗМҰНДЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
29.04.2026
17
0

Аталған іс-шараның басты мақсаты – білім беру ұйымдарында қауіпсіз ортаны қалыптастыру, жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын нығайту болды.

Семинар-кеңеске облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымбекова Айгүл Ерхалықызы қатысып, өз сөзінде өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен дұрыс тәрбиесі – қоғамның басты басымдығы екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Асан Аман Асанұлы «Діни экстремизм мен терроризм идеяларына қызығушылық танытатын кәмелетке толмағандардың профилактикасы» тақырыбында баяндама жасап, жастар арасында алдын алу шараларын күшейту жолдарын кеңінен түсіндірді. Ол құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы бұл бағытта аса маңызды екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Салықбаев Қайрат Құралтайұлы «Жастар арасында теріс діни ағымдардың алдын алу тетіктері» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, спикер өз баяндамасында қоғамда діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығына ерекше тоқталып, теріс діни ағымдардың алдын алуда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының рөлі жоғары екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Пахмбетов Серік Сатыбалдыұлы «Жасөспірімдердің шетелге шығуының алдын алу: тәрбиелік және құқықтық жұмыстар» тақырыбында сөз сөйлеп, бұл бағыттағы құқықтық тетіктер мен тәрбие жұмыстарының рөліне тоқталды.

Білім басқармасының тәрбие және қосымша білім бөлімінің басшы міндетін атқарушысы Досбекова Әлия Сартақызы «Үлгілік алгоритмді іске асыру: кәмелетке толмағандармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру» тақырыбында баяндама ұсынып, білім беру ұйымдарында жүргізілетін кешенді жұмыстардың тиімді үлгілерін атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталық бөлімінің қызметкері Сапаров Азизхан Абубакирұлы «Экстремизм мен терроризм бойынша жалпы мәселелер» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі таңдағы қауіп-қатерлер мен оларды болдырмау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Семинар-кеңес барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салып, білім беру ұйымдарында қауіпсіз ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады.

 

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение телевизор, отдел новостей и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение телевизор, динамик и помост

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

 

 

0 пікір