САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ АНВАР ИСМАИЛОВ АТЫНДАҒЫ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖДЕ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ АНВАР ИСМАИЛОВ АТЫНДАҒЫ КӘСІПТІК КОЛЛЕДЖДЕ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
21.05.2026
5
0


Колледж студенттері мен оқытушылар құрамына арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, жат діни идеологиялардың алдын алу және ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау.

Іс-шараға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталық маманы Айдос Уралбаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Даулбайұлы, Сайрам аудандық прокуратурасының өкілі Рысымбетов Бекнұр, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Хамраев Жаңабек Тілекеұлы қатысты.

Кездесу барысында:
▫️ деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер кері әсері;
▫️ псевдосалафилік идеологияның қауіптілігі;
▫️ дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтардың маңызы;
▫️ ислам дініндегі түрлі ағымдардың пайда болу тарихы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар жастарға әлеуметтік желідегі күмәнді діни ақпараттарға сын көзбен қарау, діни мәселелерде ресми мамандардың пікіріне жүгіну және рухани қауіпсіздікті сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді.

Ел тыныштығы мен қоғам тұрақтылығы – баршамызға ортақ құндылық.

 

Возможно, это изображение один или несколько человек, больница и текст "ОДА КАЗАХСТАНА СТРУКТУРА АССАМБЛЕЙ НАРОДА КАЗАХСТАНА SEEG EECGO CErE-"

Возможно, это изображение стол

Возможно, это изображение один или несколько человек, осветительное оборудование и помост

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

0 пікір