ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түлкібас ауданында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ шетелдік діни оқу орындарының ықтимал қауіптері жөнінде арнайы кездесу өткізілді. Басқосуға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталық маманы Мырзабай Қайсар, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы және аудандық Қорғаныс істері бөлімінің бастығы, подполковник Байменов Талғат Мусаевич қатысып, маңызды мәселелер төңірегінде пікір алмасты.Іс-шара аясында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын насихаттау бағытында дін саласына қатысты кең көлемді ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда бет-жүзді тұтас жабатын киімдерге қатысты заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер түсіндіріліп, олардың қоғам қауіпсіздігі мен зайырлы қағидаттар тұрғысындағы маңызы айтылды.Кездесу қорытындысында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға теолог мамандар нақты әрі жан-жақты жауаптар берді. Әсіресе жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, жат ағымдардың алдын алу және ұлттық дүниетанымды нығайтудың өзектілігі кеңінен сөз болды.Қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Мұндай мазмұнды кездесулер рухани қауіпсіздікті күшейтіп, ел ішінде татулық пен саналы көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.
Көп оқылғандар
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған жарлыққа қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ «М.ЛЕРМОНТОВ» АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru