ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ АСАНБАЙ АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛДІ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДАҒЫ АСАНБАЙ АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТКІЗІЛДІ
20.05.2026
88
0

Түлкібас ауданындағы Асанбай Асқаров атындағы мектепте экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру бағытында арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтау мен дәстүрлі діни ұстанымдардың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталық маманы Мырзабай Қайсар, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы қатысып, дін саласындағы өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Мамандар елімізде қызметіне тыйым салынған 21 экстремистік және террористік ұйым бар екенін ескертіп, олардың идеологиясына ерудің қауіпті салдары жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256-бабы мен 257-баптарында терроризм мен экстремизмді насихаттауға қатысты жауапкершілік қарастырылғаны айтылды.
Жиын аясында әлеуметтік желілер мен интернет платформалары арқылы таралатын күмәнді діни ақпараттардан сақ болу қажеттігі түсіндірілді. Оқушыларға жалған уағыздар мен радикалды көзқарастарды анықтау жолдары көрсетіліп, тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне жүгіну ұсынылды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы аясында діни ақпараттарды тарату талаптары түсіндірілді.

Кездесу кезінде теріс ағымдардың негізгі белгілері мен олардан қорғану тәсілдері туралы да кеңінен баяндалды. Жастарға діни мәселелерде асығыстық танытпау, белгісіз интернет ресурстарға сенбеу және күмәнді діни топтардан сақ болу қажеттігі ескертілді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары жан-жақты жауап беріп, қоғам тұрақтылығы мен ел бірлігін сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екені ерекше атап өтілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

0 пікір