ТҮЛКІБАС АУДАНЫ «М.ЛЕРМОНТОВ» АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ «М.ЛЕРМОНТОВ» АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
20.05.2026
293
0
Түлкібас ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шетелде діни білім алудың қауіп-қатері жөнінде түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов, орталық маманы Мырзабай Қайсар, сондай-ақ Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Кәлмен Бақдәуір Тынысбекұлы мен аудан прокуратурасының прокуроры Саржан Еркебұлан Ержанұлы қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – ақпараттық гигиенаны сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Басқарма басшысы жастарға әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттарға сын көзбен қарап, тек ресми әрі сенімді дереккөздерге жүгіну қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, жалған діни уағыздар мен деструктивті идеологиялардың жастар санасына әсер ету қаупі туралы кеңінен айтылды.
Жиында киберқауіпсіздік мәселелері де қозғалып, сталкинг пен буллингтің қоғамға тигізетін зияны түсіндірілді. Әсіресе әлеуметтік желілер арқылы жасалатын психологиялық қысым мен қудалаудың алдын алу жолдары айтылып, мұндай жағдайларға тап болған кезде ата-аналарға, ұстаздарға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі ескертілді.
Сондай-ақ, заңсыз діни материалдарды тарату әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді. Басқарма басшысы жастарды діни әдебиеттер мен материалдарды заң талаптарына сай қолдануға шақырып, заңсыз ақпарат тарату қоғам тұрақтылығына қауіп төндіретінін атап өтті.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей, помост и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и кларнет

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст
Возможно, это изображение учеба, помост и текст
0 пікір