ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Түлкібас ауданында дін саласындағы тұрақтылықты нығайту, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау және шетелде діни білім алудың қауіп-қатері жөнінде ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Аталған жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталық маманы Мырзабай Қайсар, Түлкібас аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алтынбеков Рақымжан Пірімжанұлы қатысып, маңызды тақырыптар аясында пікір алмасты.Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – ақпараттық гигиенаны сақтау мәселесіне айрықша назар аударылды. Басқарма басшысы жастарға әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттарға сын тұрғысынан қарап, тек ресми әрі сенімді ақпарат көздеріне жүгіну қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар жалған діни уағыздар мен деструктивті идеологиялардың жастар санасына тигізетін кері әсері жан-жақты баяндалды.Жиын аясында киберқауіпсіздік мәселелері де кеңінен қозғалып, сталкинг пен буллингтің қоғамға тигізетін зияны түсіндірілді. Әсіресе әлеуметтік желілер арқылы жасалатын психологиялық қысым мен онлайн қудалаудың алдын алу жолдары айтылып, мұндай жағдайларда ата-аналарға, ұстаздарға немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі ескертілді.Сондай-ақ заңсыз діни материалдарды тарату әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні түсіндірілді. Басқарма басшысы жастарды діни әдебиеттер мен ақпараттарды заң талаптарына сәйкес пайдалануға шақырып, заңсыз контент тарату қоғам тұрақтылығына кері әсер ететінін атап өтті.Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теолог мамандар мен сала өкілдері жан-жақты жауап беріп, жастардың рухани иммунитетін қалыптастыру мен ұлттық дүниетанымды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Көп оқылғандар
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған жарлыққа қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді
ТҮЛКІБАС АУДАНЫ «М.ЛЕРМОНТОВ» АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ







+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru