САЙРАМ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
САЙРАМ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
21.05.2026
9
0

Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесуге Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталық маманы Айдос Уралбаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Даулбайұлы, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Хамраев Жаңабек Тілекеұлы қатысты.

Жиын барысында экстремизм мен терроризм идеологиясының қоғамға тигізер кері әсері, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі күмәнді діни ақпараттардан сақтану жолдары, сондай-ақ жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар дәстүрлі рухани құндылықтар мен зайырлы қоғам қағидаттарының маңыздылығы айтылып, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

Возможно, это изображение помост и текст

Возможно, это изображение текст "n CH"


Нет описания фото.

0 пікір