Сайрам ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде ақпараттық-түсіндіру бағытындағы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, сондай-ақ жастар арасында діни сауаттылықты арттыру болды.
Кездесуге Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталық маманы Айдос Уралбаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Даулбайұлы, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Хамраев Жаңабек Тілекеұлы қатысты.
«Ислам дініндегі ағымдардың шығып келу тарихы» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында ислам тарихында пайда болған түрлі ағымдар жөнінде мәлімет беріліп, олардың шығу себептері мен ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ қазіргі қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау үшін дұрыс діни білім алудың маңыздылығы айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау әр азаматтың ортақ міндеті екені атап өтілді.






+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru