Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары Елдос Бориев пен орталық маманы, теолог Дәурен Аманов қатысты.
Жиын барысында қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан қорғау, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтардың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, шетелде діни білім алудың қауіптері, бейресми діни оқу орындарының ықпалы және діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу аясында «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету бағытындағы жұмыстар да қамтылып, дін саласына қатысты заңнама талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтылып, оның негізгі мақсаты қоғамдық қауіпсіздік пен ашық қоғамдық қарым-қатынасты қамтамасыз ету екендігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны, интернет кеңістігіндегі діни манипуляциялар, жастар арасында кездесетін радикалды идеологиялардың белгілері жөнінде де нақты мысалдар келтірілді.
Кездесу соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға теолог мамандар тарапынан толыққанды жауаптар беріліп, қатысушылар өзара пікір алмасты.




+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru