ОРДАБАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ОРДАБАСЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
22.05.2026
159
0

Бүгін Ордабасы ауданының жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен, сондай-ақ мәдениет, спорт және қорғаныс істері саласының мамандарымен маңызды кездесу өтті. Жиынның басты мақсаты — жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, ішкі тұрақтылықты нығайту және діни сауаттылықты арттыру.
Жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, аталған орталықтың бөлім басшысы Қайрат Салықбаев, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, Ордабасы аудандық прокуратурасының аға прокуроры Төлеметов Шыңғыс Қыдыралыұлы және Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Пернебекұлы қатысып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салды.
???? Кездесу барысында интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселесі ерекше талқыланды. Бүгінде деструктивті діни ағымдар өз жұмысын әлеуметтік желілер (TikTok, Instagram, Telegram) арқылы белсенді жүргізуде. Осыған орай, спикерлер жастар арасында «радикализмге қарсы иммунитет» қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
⚠️ Мамандардың басты кеңесі – ақпаратты тексеру :
???? Кез келген діни уағызға сене бермеу;
???? Ақпараттың қайнар көзін тексеру;
???? Діни сұрақтарға тек ресми әрі сенімді дереккөздерден жауап іздеу;
???? Кез келген ақпаратты бөліспес бұрын оның дұрыстығына көз жеткізу.
???? Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Саналы, заңға бағынатын, ақпаратты саралай алатын әрі діни тұрғыдан сауатты ұрпақ тәрбиелеу – ортақ міндет.
???? Жиын соңында орталық қызметкерлері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар мен әдістемелік кеңестер алды.

Возможно, это изображение учеба

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение учеба, стол и текст

Возможно, это изображение учеба и осветительное оборудование

0 пікір