ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ АМАНГЕЛДІ ИМАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ АМАНГЕЛДІ ИМАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
22.05.2026
55
0



Ордабасы ауданындағы Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектепте оқушылар мен педагогикалық ұжымға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен рухани қауіпсіздікті нығайту.

Кездесуге Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, Ордабасы аудандық прокуратурасының аға прокуроры Төлеметов Шыңғыс Қыдыралыұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Пернебекұлы, Түркістан облысы Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов және орталықтың бөлім басшысы Қайрат Салықбаев қатысты.

Кездесу барысында жастар арасында кездесетін діни радикализмнің алдын алу, интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттардан сақтану, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар оқушыларға әлеуметтік желілердегі жалған діни уағыздардың қауіптілігі айтылып, діни ақпараттарды тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар жан-жақты жауап беріп, рухани қауіпсіздік пен ел бірлігін сақтау мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың діни сауаттылығын арттырып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

 

Возможно, это изображение помост

Возможно, это изображение один или несколько человек, стол, помост и текст

Возможно, это изображение учеба и текст


Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

0 пікір