Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, Түркістан қаласының бас имамы Панов Исмаил Ыдырысұлы және Түркістан облысының дін істері басқармасының бөлім басшысы Жүсіпбек Сүндет Жәнібекұлы қатысуымен Құрбан айт мерекесіне дайындық барысына арналған брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Құрбан айт күндері құрбандық шалу рәсімдерін ұйымдастыру, санитарлық талаптарды сақтау, арнайы белгіленген орындарда ғана мал сою тәртібі, қоғамдық қауіпсіздік пен тазалық мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, құрбандыққа шалынатын малдардың ветеринариялық талаптарға сәйкес болуы, тұрғындардың қауіпсіздігі мен санитарлық нормалардың қатаң сақталуы маңызды екені айтылды.
Жиын барысында Құрбан айт мерекесіне байланысты арнайы бекітілген құрбандық шалу орындары 27 мамыр күні ресми түрде бекітілгені хабарланып, тұрғындарды белгіленген талаптарды сақтауға шақырды.




+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru