ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
04.06.2026
111
0


Бүгін Қазығұрт ауданында заманауи қауіп-қатерлердің алдын алу, тұрғындардың діни және цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу спикерлері:
Рүстем Сабыржанұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы;

Медет Халықов – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры;

Жорабек Жалғас – Орталықтың бөлім басшысы;

Мақсат Маратұлы – Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары;

ТАЛҚЫЛАНҒАН ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАР:
Жиында бүгінгі қоғамның ең басты мәселелері — киберқауіпсіздік, желілік мәдениет және діни тұрақтылық тақырыптары кеңінен қозғалды:

Киберқауіпсіздік және интернеттен сақтану: Интернет кеңістігіндегі алаяқтықтан қорғану, жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кибер-шабуылдардың алдын алу жолдары нақты мысалдармен түсіндірілді.

Әлеуметтік желідегі ақпараттық гигиена: Күнделікті оқитын ақпараттарды саралау, фейк (жалған) жаңалықтарға сенбеу және интернетті пайдалану мәдениетін қалыптастыру мәселесі сөз болды.

Жасанды интеллект (AI): Заманауи технологиялармен және жасанды интеллектпен қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеудің қыр-сыры айтылды.

Діни сауаттылық және заңдылық: Жат ағымдарды қалай ажырату керек? Әлеуметтік желілерде рұқсат етілмеген, күмәнді діни материалдарды таратуға (репост жасауға, лайк басуға) мүлдем болмайтыны және оның заңдық жауапкершілігі қатаң ескертілді.

МАМАНДАР КЕҢЕСІ:
«Киберкеңістікте қауіпсіздік ережелерін сақтау — әрбір азаматтың міндеті. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, діни ақпараттарды тек ресми дереккөздерден алыңыз және кез келген мәліметті бөліспес бұрын оның анық-қанығына көз жеткізіңіз!»

Шара соңында аудан тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қойып, прокуратура мен дін саласының мамандарынан тұшымды жауаптар алды.

 

Возможно, это изображение учеба и осветительное оборудование

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, кларнет и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение учеба, осветительное оборудование и текст

0 пікір