ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: №8 КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ: №8 КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
05.06.2026
86
0

Төлеби ауданында колледж студенттерінің діни сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және ақпараттық қауіпсіздігін нығайту мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет, орталықтың бөлім басшысы Жорабек Жалғас, орталықтың маманы Мырзабай Қайсар, Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшысы Өміртай Амалбек Даркенұлы және Төлеби ауданы прокуратурасының прокуроры Әбдірахым Бексұлтан Маратұлы қатысты.

Кездесу барысында:
дәстүрлі ислам құндылықтары мен деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері;
ақпараттық гигиена және әлеуметтік желілердегі ақпараттарды сыни тұрғыдан саралау;
жасанды интеллекттің (AI) мүмкіндіктері, оны тиімді әрі қауіпсіз пайдалану жолдары;
интернет кеңістігіндегі киберқауіпсіздік талаптары мен жеке деректерді қорғау мәселелері;
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптары мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері;
экстремистік сипаттағы материалдарды сақтау, тарату және жариялаудың заңмен тыйым салынатыны, мұндай құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ ресми және сенімді ақпарат көздерін пайдалану жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, өзара пікір алмасты.

 

Возможно, это изображение один или несколько человек и помост

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, больница и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст "КАЗАКТ ын DEC АРЫСЫ"

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, стол и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, больница и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, стол и текст

0 пікір