Төлеби аудандық Жастар ресурстық орталығында жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, Ардагерлер кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесу ұйымдастырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталықтың бөлім басшысы Жорабек Жалғас, орталық маманы Қайсар Мырзабай, Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшысы Өміртай Амалбек Даркенұлы қатысты.
Кездесу барысында:
дәстүрлі ислам құндылықтары мен деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері;
ақпараттық гигиена және әлеуметтік желілердегі ақпараттарды сыни тұрғыдан саралау;
жасанды интеллекттің (AI) мүмкіндіктері және оны тиімді әрі қауіпсіз пайдалану жолдары;
интернет кеңістігіндегі киберқауіпсіздік талаптары мен жеке деректерді қорғау мәселелері;
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптары мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері;
экстремистік сипаттағы материалдарды сақтау, тарату және жариялаудың заңмен тыйым салынатыны, сондай-ақ мұндай құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер құқықтық және діни сауаттылықты арттыруға, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.






+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru