Келес ауданы: Орталық аурухана қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Келес ауданы: Орталық аурухана қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді
11.06.2026
134
0

Келес аудандық орталық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шара қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, заң мен тәртіптің орындалуын қадағалау және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытына арналды.

Кездесуге арнайы қатысқан спикерлер құрамы:

Рүстем Сабыржанұлы — Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы;

Медет Халықов — «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры;

Зиябек Дінмұхаммед — «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы;

 Илесов Даурен Оразбайұлы — Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы;

 Садықов Қалдыбек Бауыржанұлы — Келес ауданы прокуратурасының прокуроры.

Жиын барысында талқыланған басты мәселелер:
Зайырлы мемлекет қағидаттары мен діни заңнама талаптары: Мемлекеттің құқықтық негіздерін сақтау, ата заңымыз бен қолданыстағы заңдардың басымдылығы.

Заң мен тәртіп — қоғам тұрақтылығының кепілі: Кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң алдындағы жауапкершілікті сезіну.

Деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері: Тұрғындар мен жастарды жат ағымдардың жетегінде кетуден қорғау және отбасылық құндылықтарды сақтау.

Интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттар қаупі және заңдық салдар: Әлеуметтік желілерде экстремистік материалдарды таратқаны, сақтағаны және насихаттағаны үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді түсіндіру (ҚР Заңнамасына сәйкес).

Медицина қызметкерлеріне арналған ақпараттық гигиена және құқықтық сауаттылық: Жалған мазмұндағы ақпараттарға (фейк) сыни көзқарас қалыптастыру, кәсіби ортада құқық бұзушылықтарға жол бермеу және заң шеңберінде қызмет ету ережелері.

Жиын қорытындысы: Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға құқықтық және діни тұрғыдан нақты жауаптар берілді. Спикерлер кез келген тұрақты қоғамның тірегі — терең білім, берік тәртіп және заңдарды мүлтіксіз орындау екенін ерекше атап өтті.

 

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, телефон и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст

0 пікір