ТҮРКІСТАНДА ШЫРАҚШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
ТҮРКІСТАНДА ШЫРАҚШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
10.06.2026
94
0

Түркістан облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті орындарда қызмет атқаратын шырақшылардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары өткізілді. Іс-шара Қожа Ахмет Яссауи атындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының базасында ұйымдастырылды.
Түркістан облысы – түркі әлемінің рухани орталығы және еліміздегі зиярат туризмінің негізгі бағыттарының бірі. Облыс аумағында орналасқан тарихи-рухани маңызы жоғары киелі нысандарға жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ шетел мемлекеттерінен мыңдаған зияратшылар мен туристер келеді.
Осыған байланысты қасиетті орындардағы қызмет көрсету сапасын арттыру, зияратшыларға қолайлы жағдай жасау және тарихи-рухани мұраны кеңінен насихаттау мәселелері ерекше маңызға ие. Бұл ретте шырақшылардың кәсіби даярлығы мен қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру өзекті міндеттердің бірі болып табылады.
Семинардың мақсаты – қасиетті орындарда қызмет атқаратын шырақшылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, зиярат мәдениетін қалыптастыру, келушілермен жұмыс жүргізу сапасын жетілдіру, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясат пен тарихи-мәдени мұраларды насихаттау бағытындағы білімдерін толықтыру.
Оқыту бағдарламасы аясында зиярат ету мәдениеті, Қазақстанның киелі жерлерінің тарихи маңызы, туристермен және зияратшылармен тиімді коммуникация орнату, қызмет көрсету әдебі, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ерекшеліктері бойынша дәрістер өткізілді.
Мұндай іс-шаралар қасиетті орындардағы қызмет көрсету сапасын арттыруға, өңірдің рухани және туристік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ Түркістан облысының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Түркістан облысы Дін істері басқармасының баспасөз қызметі

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

0 пікір