Келес ауданында мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар және түрлі сала өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту, зайырлылық қағидаттарын түсіндіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов, орталық маманы Зиябек Дінмұхаммед, Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Илесов Даурен Оразбайұлы, Келес ауданы прокуратурасының прокуроры Садықов Қалдыбек Бауыржанұлы қатысты.
Жиын барысында зайырлы мемлекет қағидаттары, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама талаптары, деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері әсері, интернет кеңістігіндегі күмәнді діни ақпараттардың қауіпі және экстремистік материалдарды таратуға қатысты заң талаптары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығы туралы айтылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ қатысушыларға ақпараттық гигиенаны сақтау, діни ақпараттарды тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу, әлеуметтік желілерде таралатын жалған және арандатушылық мазмұндағы ақпараттарға сыни көзқараспен қарау қажеттігі айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауда әр азаматтың жауапкершілігі маңызды екендігі атап өтілді.





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru