Бүгін Сарыағаш орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне арналған маңызды ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Ақ халатты абзал жандардың қатысуымен өткен жиында қоғамдағы ең өзекті мәселелер талқыланды.
Жиынға арнайы қатысқан қонақтар мен спикерлер:
Рүстем Сабыржанұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы;
Медет Халықов – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры;
Ғалымжан Өгембай – Орталықтың білікті маманы;
Омархан Сүйінбекұлы – Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы.
Кездесу барысында қандай маңызды тақырыптар қозғалды?
«Заң мен тәртіп» қағидатының қоғамдағы және күнделікті өмірдегі маңыздылығы;
Ақпараттық гигиена: Интернет кеңістігіндегі түрлі қауіп-қатерлер мен жалған ақпараттардан қорғану жолдары;
Діни экстремизм мен терроризм идеологияларының алдын алу шаралары.
Сала мамандары аурухана ұжымына діни ақпараттарды тек қана сенімді әрі ресми дереккөздерден алу қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрбір азаматтың, соның ішінде медицина саласы өкілдерінің де жауапкершілігі жоғары екендігі ерекше атап өтілді.
Денсаулық сақшылары өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды. Қоғамның басты байлығы — денсаулық пен бейбітшілік! саламаттылық болсын!





+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru